Подкаст

Мұнда сарапшылар әртүрлі тақырыптарды талқылайтын бейне подкасттар орналастырылған

#1 бөлім: орталықпен таныстыру
Орталықтың құрылу себебі, мақсаты, атауы, зертханалары, логотипі және т.б. жайлы орталықтың негізін қалаушысы Нұргүл Молдабайқызы мен мүшесі Зафаржан Калановтың сұхбаты назарларыңызға ұсынылып отыр.
#2 бөлім: "Қазіргі таңда ер адам кім немесе не?"
Қазіргі таңда цифрлық кеңістікте, жалпы әлемде психологтардың тарапынан ақпарат пен ақыл айту көп. Мәдени және экзистенциялық психология орталығының “Азамат және Әкелік Низамы” зертханасының мүшелері Зафар мен Берік Нұргүлмен зертхананың мақсаты өзгелерден ерекшелігі жайлы сұхбаттасты. Әлемге, қоғамға қызмет ету, әлде әркімнің өз жанына қызмет етуі — бұның азамат үшін маңыздылығы сөз болды. Одан бөлек, қазіргі ер азамат “кім", жан-жақтан қойылатын көп талапты қанағаттандырушылығы, функционалдық, әлеуметтік рөлдің шегінен шыға алмай жүрген жансыздығы төңірегінде де сөз қозғалды.
Azattyq TV: Бала ұру, ашу, үрей. Аштық, соғыс, репрессия қазақ психикасына қалай әсер етті?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 14-эпизодында Ашаршылық, қуғын-сүргін, кәмпескелеу, соғыс, Совет Одағының саясаты қазақтың санасы мен психологиясына қалай әсер еткенін талқыланды. Эпизод сарапшысы – сот-психологиялық сараптамасы, психикалық жаралар, экзистенциялық және топтық психотерапия бойынша маман, психолог және криминолог Нұргүл Молдабайқызы.
Azattyq TV: "Жазалау баланың құндылығын жояды". Бала психикасы мен мінезінің ерекшелігі неде?
"Жаншипа" психологиялық подкастының 21-эпизодында бала психологиясын, бала психикасын, баланың мінезінің ерекшеліктерін талқыланды. Баланы жазалау дұрыс па? 3-4 жастағы кризис кезінде ата-ана қалай әрекет еткені дұрыс? Баланың өтпелі кезеңін қалай еңсереміз?
"Бизнес және психология" Амир Давлетовтың подкастында
Бизнес, мәдени психология, балаға қарау. Өзіңді тану, өзіңмен ішкі келісімінде болу - осылардың бизнеске қатынасы қандай? Осы және басқа жайлы подкастта тамашалаңыздар. Подкаст қонақтары психолог Нұргүл Сүйіндікова мен бизнесмен Рустем Итемиров.

#3 бөлім: Психологтың алдына кім келеді?

Подкастымыздың жаңа эпизодында “Жан-жарақаты психологиясы және оны еңсеру” лабораториясының мүшелері Жадыра Рамазанқызы мен Асель Мубаракқызы өзінің практикалық жұмысы және алдына кім келетіні жайлы өз ойлары мен көзқарасымен бөлісті.

Эпизод #4: Шетел тәжірибесі және жергілікті ерекшеліктер

Подкастымыздың жаңа эпизодында орталығымыздың мүшелері Зафаржан Қаланов, Ұлжалғас Әуесханқызы және Жадыра Омар өздерінің практикалық жұмыстарында шетел психологиялық тәжірибесі мен Қазақстан қоғамындағы жергілікті ерекшеліктер қаншалықты сәйкес келетіні жайлы өз ойларын айтып, көзқарастарымен бөлісті.

Эпизод #5: Ота жасалған баланың психоэмоционалды әл-ауқаты

Назарыңызға ұсынылатын подкастың жаңа эпизодында орталығымыздың мүшелері Ақгүл Құсайын және Гүлнұр Есжанова балаға ота жасаудың алдындағы дайындық және ота жасалғаннан кейін балаға психоэмоционалды әсері жайлы сұхбаттасты.

© 2023 Мәдени және Экзистенциялық Психология Орталығы
Made on
Tilda