МӘДЕНИ ЖӘНЕ ЭКЗИСТЕНЦИЯЛЫҚ

ПСИХОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Менталдық денсаулық мәселелері бойынша қоғамда оң институционалдық өзгерістерге ұмтылатын психологтар қауымдастығы (өзін-өзі реттейтін ұйым)
Мәдени және экзистенциялық психология орталығы
практикалық психолог Нұргүл Молдабайқызының бастамасымен
2022 жылдың желтоқсанында қазақстандық экзистенциялық психологтардың, педагогтардың және адам ресурстары мамандарының қолдауымен құрылды
(қатысушылардың өз қаражаты есебінен).
Орталықтың қызмет бағыттары
Зерттеу
Әлеуметтік-мәдени, бала және экзистенциялық психология призмасы арқылы Қазақстан халқының менталдық денсаулығы саласындағы қазіргі тенденциялар мен мәселелерді, келесіге назар аудара отырып, зерттеу:
  • 20-ғасырда және оған дейін орын алған, травматикалық салдарлары бар тарихи оқиғалардың қазіргі кезге ықпалы;
  • адамға қараудың бастапқы және заманауи түсініктерін үйлестіру;
  • ұлттық-мәдени және жеке әртүрлілікті құрметтеу.
Ағартушылық қызмет
Подкасттар, оқиғалар және әлеуметтік желілердегі тікелей трансляциялар сияқты әртүрлі (онлайн және офлайн) арналар арқылы психологияның әлеуметтік-мәдени, даму және экзистенциялық бағыттары арқылы менталдық денсаулық мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру.
Халықпен психологиялық жұмыс
Психологияның әртүрлі салаларын меңгерген психологтар жеке және топтық форматта (онлайн және офлайн) психологиялық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізеді. Сонымен қатар психологтарға арналған супервизия және біліктілікті арттырудың басқа да түрлерін ұйымдастырады.

Миссия

1) Әлеуметтік-мәдени және экзистенциялық бағыттағы қазақстандық психологтардың «өзіндік-болмысын» және «әлемдегі-болмысын» ашу және ол арқылы қоғамға пайда келтіру;
2) Менталдық денсаулық саласындағы жағдайды жақсартуға жәрдемдесу:
  • жеке және топтық деңгейде менталдық денсаулық саласындағы жағдайды зерттеу, ұсыныстар қалыптастыру;
  • қоғамдағы әртүрлілікті тұлғалық (өзіндік және өзгелік) және мәдени аспектілер бойынша өзекті ету;
  • жоғалған мәдени және экзистенциялық көзқарастарды менталдық денсаулық тұрғысында қайта қарау.

Үміт

Жеке және ұжымдық деңгейде халықтың менталдық (соның ішінде мәдени) денсаулығы жай-күйінің жақсаруына үлес қосу.
Photo by Jacob
Photo by Kolya
Photo by Leo
Photo by Fabrice
Бізбен байланыс

Пошта: hello@ccep.kz
Ә. Мамбетов көш., 8/1
Астана қ., Қазақстан
© 2023 Мәдени және Экзистенциялық Психология Орталығы
Made on
Tilda