Орталықтың негізін

қалаушысының алғы сөзі

Қазіргі кезде ең арзан, қайғы мен қасіретке толы, көлденең көк атты кезіп жүретін, келеке етілетін салалардың ішінде жан әлемі саласын ерекше айтуға болады. Бұл – салдар.

Қылмыс пен жаза саласындағы адам тағдырымен көбірек айналысқан мені көптеген әріптестерім «қылмыс» пен «қылмыскердің» жақтаушысына айналдырғаны көпке мәлім болмағанымен, кәсіби ортада бесенеден белгілі. Бұған кез келген жаманды-жақсылы әрекетке салдар ретінде қарайтыным, адамды бөліп-жармайтындығым себеп болса керек. Шын мәнінде азды-көпті адам әрекетін, оның ішінде қылмыс әрекетін саралаудағы ең басты қалыптасқан дүниетанымым – адам өз ары мен өзгенің жанын «басып-шаншуы» үшін жан деңгейіндегі сезімталдылығы «сыр» беруі керек. О баста дүние есігін ашқан сәбидің ақ пен пәктен жаралғандығын еске алсақ, кез келген әрекетке жеке және қоғамдық себептердің салдары, оларды игерудегі рухтың әлсіздігі мен тірілігі ретінде қарауға болады.

Тап сол сияқты, Жаратқаннан берілген қайталанбас жан мен рух, тән мен психика тәрізді феномендерді сан мен шұлыққа, ыдыс пен суға, яки жансызға әкеліп тықпыштау мен оны жеңуге деген ұмтылыс та салдар ретінде біздің қоғамдағы жанға деген қатынастың тенденциясын көрсетеді. Жеке ерекше болмыстың бас көтеруіне жауап ретінде қақ маңдайға тапанша көзделгені белгілі. Одан бөлек, «көршінің баласы», «партия» «орталық» және алақ-жұлақ қарайтын сырттағы «бас иелеріміздің» көп болғандығы да қазір өз нәтижесін беруде; біз үнемі жауап пен мәселенің мән-жайын қабырғамен кеңесіп емес, сырттан іздейміз.

Нұргүл Молдабайқызы
Орталықтың негізін қалаушы
Оған қоса, адам жаны, Абай айтпақшы, үнемі азықты қажетсініп, іздену үстінде. Егер аш өз «үйінен» қажетті таппаса, ел мен жер кезіп, ауып кетері айдан анық. Тап сол сияқты, біздің рухани аштығымыз да әр пендені ел мен жер кезуді, әркімнің айтқанын таңсық көруді туындатты.

Сондықтан да, біздің жан әлеміндегі түрлі жайттарды қаралау арқылы реттеу мүмкін емес. Сын түзелмей, мін түзелмейді; қаралау мен сын – үш қайнаса сорпалары қосылмайды. Қоғамдағы әр феномен зерттеу мен кең көкжиекті, жүйелі қарауды, сынды талап етеді.

Осы сұрақтарды саралауда және оған жауап қайтаруда өз ішім сезген бір ғана ұстаным бар: адамның «діңгегі» мойындалмай, сырттан әсірелеу, жамап-жасқау өз нәтижесін беруі қиын. Бұл - тауларды әсірелеу үшін жазықтарды жермен-жексен ету емес; сыртқа жәутеңдеп қарауды тоқтатып, еңсені көтерумен, іштегі мен сырттағының терезесін теңестірумен, шендестірумен байланысты.

Жә, астарламай, тікесіне көшсек. Соңғы жылдары жанымды жегідей жеген сұрақтардың біразы қазақтың мойындалмаған жан жарасы және жазылмаған психологиясымен байланысты екендігін көп алға тартудамын. Қазақтың мойындалмаған жан жарасы мен жазылмаған психологиясын экзистенциялық, топтық, сот психологиясы, психикалық травмалар теориясы мен терапиясы бағыттарымен шендестіре отырып, өзіміздің ұлттық экзистенциялық психологиямызды «сөйлетіп» жүргенімді білесіздер. Осы, алдымен «өзімізді мойындау» жолында 100-ге жуық мамандарға берген бағыт-бағдарым сіңіспеді. Өзіміздегі тереңдік пен көкжиекті көріп қана қоймай, мойын ұсынуға бар-жоғы саусақпен санарлық мамандар келісіп, көкірек көзімізді қабырғаның астына аударуға бекіндік. Бұл дегеніңіз – жан әлемі сұрақтары бойынша өзімізге бірнеше деңгейде сұрау салу еді: жеке басымыз бен жанымыздан сұрау, көмбе күйіндегі дала мәдениетінен сұрау және қазіргі қоғам әлеуетінен сұрау. Осы сұрау салулардың нәтижесін Мәдени және экзистенциялық психология орталығында және оның зертханаларында «пісіріп-жетілдірмекпіз». Оқырман, Сіз осы Орталықтың қайнаған қазаны – өз сайтына қош келдіңіз!

Өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестік ретінде құрылған ұйымның Сіздер үшін жасайтын ізденістері менің жеке қаржыма және құрылтайшы мамандардың жарналарына негізделген. Бұл біздің тапқан нәпақаларымызды адал жұмсау ниетімізден туындады. Егер, Сіз біздің орталықтың қызметін қаржылай қолдағыңыз келсе, мархабат!

Осы Орталықтан көңіліңізге медет, жаныңызға азық, тіршілігіңізге демеу болар ақпарат аларсыз деген ақ ниетпен, Нұргүл Молдабайқызы.
Орталықтың құрамы

Орталықта педагогика, психология мен психотерапияның түрлі салаларының мамандары жұмыс істейді, бірақ ең алдымен олардың әрқайсысы Адам және адамгершіліктің өкілі. Әр маманның аты-жөнін басу арқылы олар туралы толығырақ ақпарат ала аласыз.

Ортылықтың негізін қалаушы
Мәдени психология зертханасының жетекшісі

Оффлайн Астана және онлайн.
email: nsuyundykova@ccep.kz
instagram: @nurgul_suyundykova
Нұргүл Молдабайқызы
Орталық директоры
Әйел және гендер психологиясы зертханасының жетекшісі

Алматы, онлайн.
email: dkarim@ccep.kz
instagram: @artomiis
Диана Кәрім
Экзистенциялық психология зертханасының жетекшісі

Астана, онлайн.
email: arakhaliyeva@ccep.kz
instagram: @assemlii
Әсем Рахалиева
Жан жарақаты және оны еңсеру зертханасының жетекшісі

Оффлайн Астана және онлайн.
email: jomarova@ccep.kz
instagram: @jadyra.omar
Жадыра Омар
Балалық және жас ерекшеліктері психологиясы зертханасының жетекшісі

Оффлайн Алматы және онлайн.
email: akhusayan@ccep.kz
instagram: @akhguli_khusayan
Ақгүл Құсайын
Әйел және гендер психологиясы зертханасы

Оффлайн Алматы және онлайн.
email: gyeszhanova@ccep.kz
instagram: @gulnur_psiholog
Гүлнұр Есжанова
Жан жарақаты және оны еңсеру зертханасы

Оффлайн Астана және онлайн.
email: aaitimbetova@ccep.kz
instagram: @mubarakqyzyy
Әсел Айтімбетова
Экзистенциялық психология зертханасы

Оффлайн Астана және онлайн.
email: gischanova@ccep.kz
instagram: @gulsim__ichshanova
Гүлсім Ищанова
Мәдени психология зертханасы

Астана, онлайн.
email: uaueskhan@ccep.kz
instagram: @uljalgas_aa
Ұлжалғас Әуесхан
Мәдени психология зертханасы

email: ukamzabek@ccep.kz
instagram: @ulpa.dihanqyzy
Ұлпан Қамзабек
© 2023 Мәдени және Экзистенциялық Психология Орталығы
Made on
Tilda