Біздің еңбектеріміз

Мұнда қауымдастық мүшелері шығарған кітаптар туралы, сондай-ақ оларды қайдан сатып алуға болатыны жайлы ақпаратты таба аласыз.

Біздің орталық құрылмастан бұрын, оған дайындық методологиялық мәселелерді зерттеуден басталды. Бұл ретте қазақ этнографтарымен бірге жұмыстар жасалды. Сол жұмыстардың бірі - Нұргүл Молдабайқызы мен этнограф Ержан Жаубайдың тұңғыш монографиялық кітабы «Қазақтың жазылмаған психологиясы» деп аталады. Авторлар кітапта кеңестік дәуірде цензураға ұшыраған адам болмысының шынайы әлемге деген көзқарасы туралы іргелі түсінікті жаңғыртуға тырысты. ХХ ғасырдың басына дейінгі көшпенділердің тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірін реттеп отырған қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына экзистенциалды-психологиялық талдау жасалған. Осындай талдау 100 салт-дәстүр мен 25 ұлттық ойынға қатысты жүргізілді. Бұл кітап – қазақ салт-дәстүрлерінің психотехнологиялық әлеуетін көрсетуге тырысқан алғашқы еңбек.

Кітапты KitapAl дүкендер желісінен, сондай-ақ flip.kz сайтынан сатып алуға болады.
Қазақтың жазылмаған психологиясы

Нұргүл Молдабайқызының «Өзге бұлақ: балаға қараудың эксистенциалдық негіздері» атты екінші монографиясы 2022 жылы қазақ тілінде жарық көрді. Мұнда автор бала тәрбиесінің негіздерін жүйеге келтірген: а) туылғанға дейінгі бараға қарау негіздері (перинаталдық кезең), ә) баланы туғаннан кейінгі оған қарау және б) баланың әлеуетін ашуға арналған дала институттары немесе дала ойын терапиясы. Кітапта автор бала тәрбиесіндегі заманауи қағидалардың қазақтың төл дүниесіне жат еместігін дәлелдеуге тырысып, қазіргі теориялар мен концепциялармен салыстырмалы талдау жүргізген. Кітап 2022 жылғы 10-16 желтоқсанында Австралияның Мельбурн қаласында «Open Eurasia» халықаралық кітап сыйлығының "Академиялық кітап-2022" номинациясының жеңімпазы атанды.

Кітапты Meloman және KitapAl дүкендерінен, сондай-ақ flip.kz сайтынан сатып алуға болады.
Өзге бұлақ: балаға қараудың экзистенциялық негіздері
2023 жылы шыққан балалық және жас ерекшеліктері психологиясы зертханасының меңгерушісі – Ақгүл Хұсайынның тұңғыш кітабы.

Адам балалы болған кезде бейсаналы түрде өзінің балалық шағындағы сезімдерін қайта сүреді. Баламызбен қарым-қатынасымыз - ата-анамызбен
қарым-қатынасымыздың жалғасы болып табылады.Бала ата-анасымен үйлесімді қарым-қатынас орната алмағанда немесе жан деңгейінде қандай да бір қиындықты бастан кешкенде, олардың арасындағы байланыс əлсірейді. Бұл кітап атап көрсетілген əлсіреген байланысты қайтадан қалыптастыру мақсатында баланың жан əлеміне үңілуді жəне оның табиғи мүмкіндіктерін, үнін Сіздің жүрегіңізге жеткізуге тырысады.
Кітапты KitapAl дүкендер желілерінен сатып алуға болады.

"Менің атым Бала" / Имя мне Ребенок
© 2023 Мәдени және Экзистенциялық Психология Орталығы
Made on
Tilda